Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында кейбір пәндердің сағатын қысқартпақ

Опубликовано:

Оқыту мекемесінің іші
Мектеп сыныбы. Көрнекі фото: pixabay.com

Биылғы оқу жылында оқушылар 34 апталық оқу жылына көшкендіктен, Оқу-ағарту министрлігі оқушыларға артылатын жүкті жеңілдету туралы шешім қабылдады. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" № 399 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы 25 тамыз күні жарияланған.

Қоғамдық талқылау 11 қыркүйекке дейін созылады.

Аталған құжатта 34 апталық оқу жылы қайтарылғандықтан, жалпы орта мектепте оқитын оқушылар үшін барлық пәннен оқу сағатын азайту ұсынылған.

Мәселен, бірінші сынып оқушылары үшін "Обучение грамоте" пәнінің уақытын 114 сағаттан 102 сағатқа қысқарту ұсынылуда. "Қазақ тілі" пәні бойынша – 70 сағаттан 66 сағатқа дейін (оқыту орыс тілінде), 2-4 сыныптар үшін – жылына 108 сағаттан 102 сағатқа дейін, төртінші сынып оқушылары үшін – 144 сағаттан 136 сағатқа дейін қысқарту жоспарлануда.

Ал 2-4-сынып оқушылары үшін "Орыс тілі" пәнінің уақытын жылына 144 сағаттан 136 сағатқа дейін қысқарту ұсынылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биылғы оқу жылында 36 апталық оқу мерзімі 34 апталық оқу мерзіміне ауыстырылып, оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқитынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034260-oqu-agartu-ministrligi-zana-oqu-zylynda-keibir-panderdin-sagatyn-qysqartpaq/

pixel