Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәдениет төмендігінің белгісі": Астана әкімі Тәжікстан жәрмеңкесінде қоғамдық тәртіп бұзылғанын айтты

Опубликовано:

Астанада өткенТәжікстан көрмесі
Астанада өткенТәжікстан көрмесі. Фото: instagram.com/jenis_qasymbek

Демалыс күндері Астанадағы EXPO алаңында Тәжікстан фермерлері ұйымдастырған көрме-жәрмеңкеде тұрғындардың тауарларды таласып алып жатқаны түсірілген видео тарады. Оқиғаға қатысты Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында пікір білдірді.

Астана әкімі жәрмеңкеде 1000 тоннадан астам өнім сатылғанын, кейбір адамдардың орынсыз әрекетіне байланысты Астана қаласының барлық тұрғынына сөз тигенін атап өтті.

"Өкініштісі, жәрмеңке мүлкіне зиян келіп, кейбір азаматтар шатырларды, сөрелерді, декорацияларды сындырды. Қоғамдық тәртіп те бұзылды. Бұл – мәдениеттің төменділігінің, адам еңбегін құрметтемеудің белгісі", - деді әкім.

Жеңіс Қасымбек көрме-жәрмеңкеге 100 мыңға жуық адам қатысқанын, бұл іс-шарада қала тұрғындарының басым бөлігі мәдениетті болғанын да жеткізді

"Мемлекет басшысы елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Астана көшелерінде вандализм мен құқық бұзушылықтардың жиілеп кеткен жағдайларын болдырмау жөнінде тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен болатын", - деп жазды елорда әкімі желідегі парақшасында.

Сонымен қатар ол полицияға вандализм әрекеттерін жасаған және қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды анықтау жұмысы тапсырылғанын, құқық бұзушылар жауапқа тартылатынын айтты.

Айта кетейік, Астанада өткен Тәжікстан тауарлары жәрмеңкесіне келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолөнершілерден тегін зат алудан бас тартып, ақшаға сатып алып жатқаны көрсетілген видеосын жариялаған едік.

Сондай-ақ, елордадағы Тәжікстанның мәдени күндері аясында өткен көрме-жәрмеңке уақытынан бұрын аяқталғанын, Астана әкімдігінің өкілі жеміс-жидектерді басып, жоғарыдан қарбыз алып жатқан тәжікстандық фермерлердің өздері екенін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034314-madeniet-tomendiginin-belgisi-astana-akimi-tazikstan-zarmenkesinde-qogamdyq-tartip-buzylganyn-aitty/

pixel