jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Жаңбырлы күнде қолшатыр ұстаған ер адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сейсенбі күні, 29 тамызда Қазақстанның ірі қалаларында күн суытады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал және жел күшейеді деп күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, сейсенбі күні Астанада күндіз көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын түсіп, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +21...+23 градусты құрайды. Ал түнде жауын-шашынсыз, +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматыда бүгін көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Синоптиктер оңтүстік астанада күндіз ауа температурасы +23...+25 градусқа жетсе, түнде +11...+13 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с құрайды.

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +27...+29 градусқа жетсе, түнде ауа температурасы +12...+14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, жел екпіні кезінде 15-20 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.