jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қандай болады

Адамдар бағдаршамнан қолшатырмен өтіп жатыр
Жаңбыр. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін, 30 тамызда Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 тамызда Астанада күн бұлтты, күндіз жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай жел соғып, екпіні 9-14 м/с, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде +14+16°С, күндіз +19+21°С жылы болмақ.

Сәрсенбіде Алматыда көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Шығыстан екпіні 3-8 м/с құрайтын жел соғады деп болжанады. Түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С жылы болады деп күтіледі.

Бүгін Шымкентте көшпелі бұлт шығып, таңертең және күндіз жаңбы жаууы ықтимал. Сондай-ақ найзағай ойнайды деп болжануда. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай жел соғып, жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде +15+17°С, күндіз +24+26°С жылы болуы мүмкін.

Бүгін еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.