Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болашақ" стипендиаттарының тізімі жарияланды

Опубликовано:

Студенттер
Студенттер. Көрнекі фото: pexels.com

Халықаралық бағдарламалар орталығы ресми сайтында "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады. 2023 жылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық степендия иегері атанды.

Халықаралық бағдарламалар орталығы мәліметінше, республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.

"Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады", - делінген хабарламада.

Халықаралық бағдарламалар орталығы ақпаратынша, биыл "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау төрт лекке бөлінген. Соңғы лекке 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін құжат қабылданады. Ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына құжат тапсыру 13 қазанға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034645-bolasaq-stipendiattarynyn-tizimi-zariyalandy/

pixel