jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖТ
Жұлдыз Тілебалды
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте 1 млн теңге салынған әмиян иесіне қайтарылды

Умида Абдумуталипқызы.
Видеодан кадр: polisia.kz

Шымкенттік тұрғын ішінде 1 млн теңгесі бар әмиянын, құжаттары мен банк карталарын жоғалтып алды. Кейінірек, оған әмиянды барлық затымен қайтарып берген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның ақпаратынша, Умида Абдумуталипқызы есімді тұрғын Абай аудандық полиция бөліміне арызданған.

Ол сауда орталығында жүргенде қомақты ақшасы, құжаттары мен банк карталары салынған әмиянын жоғалтып алған. Бір сағаттай әмиянды іздеген әйел полицейлердің көмегіне жүгінуді шешкен.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары келіншектің жүрген жолы бойынша іздеу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде жарты сағаттың ішінде полиция қызметкері Нұрбол Төлендібаев дүкендердің біріндегі орындық астынан әмиян тауып алып, оны барлық заттарымен заңды иесіне қайтарып берді.

Умида Абдумуталипқызы учаскелік полиция қызметкеріне жедел жұмысы мен адалдығы үшін шынайы алғысын білдірді.

Шымкентте 1 млн теңге салынған әмиян иесіне қайтарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.