Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйінен бірнеше рет қашқан: Ақмола облысында жоғалып кеткен 15 жасар қыз жалдамалы пәтерден табылды

Жарияланған күні:

Басын бұғып отырған қыз
Жалғыз отырған қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысының полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірім қызды іздеп тапты. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан 15 жастағы қызын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш келіп түсті.

Ол 27 тамызда сағат 14.00 шамасында үйден кетіп, қайтып оралмаған. Бұрын жасөспірім бірнеше рет үйден кетіп, түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны және қоғамдық жерде алкоголь ішкені үшін ювеналды полиция бөлімінде есепте тұрғаны белгілі.

Жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау үшін полиция қызметкерлері қыздың әлеуметтік желілердегі байланыстары мен профильдерін, сондай-ақ жасөспірімнің болу және қоныс аудару орындарын тексерді, қаланың бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері жоғалған адамды құрбысымен бірге жалдамалы пәтерден тапты. Қызға қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды.

Осы факті бойынша бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034747-uiinen-birnese-ret-qasqan-aqmola-oblysynda-zogalyp-ketken-15-zasar-qyz-zaldamaly-paterden-tabyldy/