jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Жаңбыр, бұршақ, жабысқақ қар: күздің алғашқы күнінде ел аумағында ауа райы қандай болады

Қолшатыр ұстаған адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер бүгін, 1 қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Кей жерлерде жаңбыр жаууы ықтимал. Ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, оңтүстік-шығыстағы тауларда жаңбыр, жабысқақ қар жаууы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз күн ашық болады.

Дегенмен метеорологтар Қазақстанның оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында дауыл, солтүстік-батыста, солтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман, республика бойынша найзағай, екпінді жел, бұршақ күтілетінін ескертіп отыр.

Бұдан бөлек, мамандар бүгін Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында өрт шығу қаупі сақталатынын еске салды.

Ал Батыс Қазақстан облысының орталығында, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.

Жаңбыр, бұршақ, жабысқақ қар: күздің алғашқы күнінде ел аумағында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.