jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

"Найзағай, бұршақ": жексенбіде ел өңірлерінде ауа райы қандай болады

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер 3 тамыз, яғни жексенбі күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болатынын болжады. "Қазгидромет" хабарлауынша, ертең Республиканың кей өңірінде найзағай соғып, бұршақ жауады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр болады. Ал Республиканың батысында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Еліміздің көп бөлігінде күн күркіреп, екпінді жел соғады, бұршақ күтіледі. Ал Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

"Найзағай, бұршақ": жексенбіде ел өңірлерінде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.