jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Жауын-шашын, жабысқақ қар": елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Жауын-шашын
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер елімізде алдағы үш күн, 5-7 қыркүйекте қандай ауа райы күтілетінін болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн салқындайды. Сондай-ақ найзағай ойнап, екпінді жел болуы ықтимал.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын болады.

Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша 5 қыркүйекте жауын-шашын болып, жабысқақ қар жаууы мүмкін.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжануда.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта +2...+10 градусты көрсетсе, күндіз күн +10...+20 градус жылы болады күтілуде.

"Жауын-шашын, жабысқақ қар": елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.