Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа түсті

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Қылмыстық іс" құжаттары
"Қылмыстық іс" құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қаңтар оқиғасы" бойынша күдікке ілінген Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі "Дикий Арман" лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің ісі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілгенін хабарлады.

Сондай-ақ соттың баспасөз қызметі өзге ақпарат жариялануға жатпайтынын атап өтті.

"Дикий Арманның" ісі

Еске сала кетейік, Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны 2022 жылдың қаңтарында Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде белгілі болған.

Жұмагелдиев Қылмыстық кодекстің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша күдікке ілінген.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев қаңтар оқиғасына қатысты жарияланған рақымшылыққа жиырмаға жуық адамның ілікпейтінін айтты. Олардың қатарында Арман Жұмагелдиевтің де бары белгілі болды.

Биыл қаңтар айында Бас прокурор Берік Асылов Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Дикий Арманның әрекеті қалай үйлестірілгенін және оған кім көмектескенін мәлімдеген еді.

Қайрат Құдайбергеннің ісі

Қайрат Құдайберген былтыр сәуір айында ұсталған болатын.

Ол жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, қатысты деген күдікке ілінген.

Экс-депутат өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Сондай-ақ ол Amanat партиясынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035496-arman-zumageldiev-men-qairat-qudaibergennin-isi-sotqa-zetti/