Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үсік жүруі мүмкін": бейсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қырау басқан гүл
Қырау басқан гүл. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 7 қыркүйек, бейсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін де еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Бүгін тек Қазақстанның орталығында жауын-шашынсыз күн ашық болмақ.

Сондай-ақ бүгін республика бойынша екпінді жел, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта тұман күтіледі.

Бұдан бөлек, Қарағанды облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының шығысында, Павлодар облбысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, оңтүстігінде топырақ бетінде 1-3 градус жүруі мүмкін.

Сонымен қатар бүгін Жамбыл, Қызылорда облыстарының солтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында өрт шығу қаупі сақталады.

Ал Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035599-usik-zurui-mumkin-beisenbide-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel