jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырған науқастардың жағдайы туралы не белгілі

Аурухана іші
Аурухана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырған 15 науқастың, үшеуінің жағдайы тұрақталды. Елдімекенде дизинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телеарна хабарлауынша, Есіл аудандық инфекциялық ауруханада қауіпті кесел жұқтырған 15 адам жатыр. Мамандардың сөзінше, 11 науқастың диагнозы зертханалық түрде расталса, қалғанының сараптамасы әзірге белгісіз.

Тілші мәліметінше, науқастармен байланыста болған 35 тұрғын дәрігерлердің бақылауына алынған. Қазір елдімекендегі малға індетке қарсы жаппай екпе егіліп жатыр.

"Барлық науқасқа қажетті ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр. Ауруханадағы 15 адамның үшеуінің жағдайы тұрақталды. Ал қалған науқастардың жағдайы орташа. Қазір ауылда індет анықталған 536 келі малдың еті толық жойылды. Елдімекенде дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр", - дейді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.

Еске сала кетсек, 1 қыркүйекте Жарқайың ауданындағы Үшқарасу ауылында сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен 10-нан астам адам ауруханаға жатықызылып, елдімекен карантинге жабылған болатын.

Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырған науқастардың жағдайы туралы не белгілі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.