Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тұрғындардың талап-тілегіне орай жарық желілері жаңартылды

Опубликовано:

Маман жарық орнатуда
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкентте бүгінде Абдулабад тұрғын алабында "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-нің инвестициялық жобасы аясында екі жаңа трансформатор орнатылып, 320 абоненттің электр бағаналары мен желілері жаңартылуда.

Осыған дейін Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек пен Шымкент қалалық маслихатының депутаты Б.Аширбаевтың Қаратөбе аумағының тұрғындарымен кездесуі барысында жарық жүйелерін қалпына келтіруге қатысты талап-тілектер айтылған.

Мамандар жарық орнатуда
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Тұрғындардың шағымы ескеріліп, тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, Базарқақпа тұрғын алабында 3 дана, Тұрдыабад тұрғын алабында 1 дана, Бадам-1 тұрғын алабында 2 дана ескі трансформаторлар ауыстырылып, жаңадан орнатылды. Бұл өз кезегінде тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз етуге оң әсер етуде.

Тұрғындар
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Халыққа қолайлы жағдай жасау басты міндеттердің бірі болып табылады. Алдағы уақыттарда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын табатын болады.

Трансформатор
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

тұрғындар
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035897-symkentte-turgyndardyn-talap-tilegine-orai-zaryq-zelileri-zanartyldy/

pixel