jitsu gif

Алматыда тағы бір көшенің бөлігі жол жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласында Тілендиев көшесінің бір бөлігі 8 қыркүйек күні 23:00-ден 9 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін жол жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады. Тілендиев көшесінің бойымен Қарасай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Арна мәліметінше, көшенің жабық бөлігін Абай даңғылы, Өтеген батыр, Брусиловский, Төле би және іргелес көшелер арқылы айналып өтуге болады.

Ал жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.