Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр жауып, үсік жүреді: бүгін еліміздегі ауа райы қандай болады

Опубликовано:

гүл
Үсік. Көрнекі фото: Рixabay.com

"Қазгидромет" синоптиктері 9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бүгін ел аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Тек елдің шығысында жауын-шашын болмайды.

Республика бойынша екпінді жел, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жауады.

Қазақстанның шығысында, орталығында тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында, солтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды, Павлодар облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035926-zanbyr-zauyp-usik-zuredi-bugin-elimizdegi-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel