jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Оқитын бала жоқ: Ақмола облысында биыл он мектеп жабылып қалды

Бастауыш сынып оқушылары
Оқушылар. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында биыл 10 мектеп жабылды. Бұл туралы Ұлттық арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шалғай елдімекендерде халық саны аз. Ал оқушылар тіпті, жоқтың қасы. 10 мыңға жуық бала көрші ауылдарға қатынап оқиды, 170-тен астамы интернатта жатып білім алады.

Ауылдарда қазақ тілінде білім беретін оқу орындары аз. Облыстағы 537 мектептің тек 67 пайызы мемлекеттік тілде оқытады.

"Балаларымыздың қазақша оқығанын ұнатамыз. Ал енді қызымызды амал жоқтан сол орыс мектебіне беріп жатырмыз. Биыл екінші класта оқиды. Ал екі немерем Зерендіде Мәлік Ғабдуллин мектебінде оқиды", - дейді Төлеген Қаратаев есімді тұрғын.

Проблема мұнымен бітпейді. 300-ге жуық шағын жинақталған мектептің 100-ден астамы талапқа сай емес. Яғни, мұғалімдер мен оқушы саны жеткіліксіз. Қазақ сыныптарында оқитын бала да аз. Биыл облыс бойынша бірінші сыныпқа барған оқушылардың 48 пайызы ғана мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірген.

"Ақмола облысында 2020-2025 жылдарға арналған орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілінде сыныптар ашудың қадамдық жоспары әзірленген. Осы жоспарға сәйкес, бізде екі жылдың ішінде екі таза орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ сыныптары ашылды", - дейді облыстық Білім басқармасының бас маманы Айгүл Шақшақова.

Оқитын бала жоқ: Ақмола облысында биыл он мектеп жабылып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.