jitsu gif

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Көктемгі жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: pexels.com

10 қыркүйекте, жексенбі күні Қазақстанның ірі қалаларында көшпелі бұлтты болады, тұман күтіледі және жаңбыр жаууы ықтимал. Бірақ күн жылы болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, 10 қыркүйек күні Астанада күндіз көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы +16...+18 градусты құрайды. Түнде тұман көтеріліп, ауа температурасы +10...+12 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с, түнде 3-8 м/с.

Алматыда бүгін көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Синоптиктер оңтүстік астанада күндіз ауа температурасы +27...+29 градусқа жетсе, түнде +16...+18 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с құрайды.

Шымкент қаласында күндіз көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы +30...+32 градусқа жетеді. Ал түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ауа температурасы +18...+20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с құрайды, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.