jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адам үш күннен бері табылмай жатыр (фото)

Атыраудағы іздестіру жұмыстары
Атыраудағы іздестіру жұмыстары. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адамнан үш күннен бері хабар жоқ. Қазіргі таңда оны іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтары арнасы.

Ведомство мәліметінше, 10 қыркүйекте 1987 жылы туған азамат Ербол Құсайыновтың жақындары оның достарымен бірге балық аулауға кетіп, үйге оралмағанын хабарлаған.

ІІМ бүгін үшінші күн Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Іздеу жұмыстарына полиция, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен Ұлттық ұланның 80 сарбазы, сондай-ақ кинология бөліністері және сүңгуірлер жұмылдырылған.

"Құзырлы органдар әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа ақпараттарды таратпауларыңызды және де жоғалған азаматқа қатысты нақты деректер болса 102 операторына хабарлауыңызды сұрайды", - делінген хабарламада.

Атырауда жоғалған азамат
Атырауда жоғалған азамат. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адам үш күннен бері табылмай жатыр (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.