jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде

Қолшатыр ұстаған тұрғын
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін, 13 қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ал Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Сондай-ақ бүгін республика бойынша екпінді жел тұрып, түнде және таңертең тұман түсіп, еліміздің солтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында өрт шығу қаупі сақталады.

Синоптиктер Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.