jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Денсаулық сақтау министрлігі қандай жағдайда оқушылар қашықтықтан білім алатынын айтты

Бетперде таққан оқушылар
Бетперде таққан оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның Бас санитария дәрігері карантин кезінде мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға ауыстыру шарттарын белгілейтін қаулыға қол қойды. Құжат Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "2023-2024 жылы эпидемиялық маусымына тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы" қаулысына сәйкес елімізде 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе жүргізіледі.

Қаулы ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейді, оның ішінде:

  • медициналық ұйымдарда кіре берісте "сүзгілердің" жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуы;
  • ЖРВИ, тұмау көріністерімен үйге шақыру бойынша жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға бірінші кезекте қызмет көрсету;
  • мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттету;

Қаулыға сәйкес, орта білім беру ұйымдарында бір инкубациялық кезең ішінде сынып санынан бір сыныпта 20-дан 30 пайызға дейінгі оқушылардың ЖРВИ ауруы жағдайларын тіркеу кезінде жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесінен бас тарту, күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады.

"Бір инкубациялық кезең ішінде науқастардың жалпы саны 30 пайыз және одан көп ЖРВИ ауруы тіркелген жағдайда оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады", - делінген қаулыда.

Денсаулық сақтау министрлігі қандай жағдайда оқушылар қашықтықтан білім алатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.