jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Қызылордада облыстық симфония оркестрiнiң алғашқы концертi өтті

Облыстық симфония оркестрiнiң алғашқы концертi
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысының 85 жылдығына орай аймақ басшысының тікелей қолдауымен Сыр өңірінде тұңғыш рет облыстық филармония жанынан симфония оркестрі құрылды.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе.

Оркестр құрамына ішекті, үрмелі және ұрмалы аспапты игерген 30 кәсіби музыкант қабылданып, ұжым 50-ден аса маманнан жасақталды.

Облыстық симфония оркестрiнiң алғашқы концертi
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында өткен симфония оркестрінің алғашқы концертінде облыс әкімі аппаратының басшысы Ш. Байманов жаңа ұжымға аймақ басшысының құттықтауын жеткізді. Мәдениет саласындағы жетістіктер мен атқарылған шараларға тоқталып, облыс әкімінің ықылас гүлін табыстады.

Облыстық симфония оркестрiнiң алғашқы концертi
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгінгі бағдарламада күрделі туындылардың бірі - композитор Ахмет Жұбановтың «Абай» симфониялық сюитасы, әрбір симфония оркестрінің репертуарында болуы тиіс күрделі шығарма - Ф.Шуберттің №8 «Аяқталмаған симфониясы» және қазақ, әлем композиторларының шығармалары орындалды.

Облыстық симфония оркестрiнiң алғашқы концертi
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Солистер - филармония әншісі, «Құрмет» орденінің иегері Самал Байсейтова, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары Айдос Иманжаппаров, Ақылбек Табынбаев, Сымбат Тасбергенова.

Облыстық симфония оркестрiнiң алғашқы концертi
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Облыс әкімінің қолдауымен кейінгі жылдары өңірдің өнер майталмандарының басын қосқан елу жылдық тарихы бар қара шаңырақ – филармонияның материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Жыл соңында жаңадан ашылатын Өнер орталығында симфония оркестрінің үлкен шығармашылық концерті өтеді деп жоспарланған.

Қызылордада облыстық симфония оркестрiнiң алғашқы концертi өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.