Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қар аралас жаңбыр, бұршақ, тұман": бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Тұман басқан қала
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер жұма, 15 қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін де Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Мәселен, еліміздің батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр қатты жауады. Ал шығыстағы және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде.

Сондай-ақ бүгін республика бойынша екпінді жел, орталық пен оңтүстік-шығыста бұршақ, елміздің батысы мен солтүстігінде, орталығында таңертең тұман күтіледі.                                   

Бұдан бөлек, Қызылорда облысының орталығы мен шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында өрт шығу қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында өрт шығу қаупі жоғары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036657-bursaq-tuman-15-qyrkuiek-kuni-elimizdin-onirlerinde-aua-raiy-qandai-bolmaq/