Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өрт сөндіру көлігі де өте алмайды": Ақтөбеде жұрт тұрғын үйдің жанынан сауда орталығының салынуына қарсы шықты

Опубликовано:

Жұмысшы
Жұмысшы. Видеодан кадр: КТК арнасы

Ақтөбеде көпқабатты үй тұрғындары дәл іргеден сауда орталығының салынуына қарсылық білдіруде, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тұрғындардың айтуынша, құрылыс нысаны тұрғын үйге тым жақын. Сауда орталығы салынған жағдайда кей тұрғындардың терезесіне күн түспей қалуы мүмкін.

"Бұл құрылысты бізден ешкім рұқсат сұрамай бастап кетті. Үшінші-төртінші қабатқа дейін терезелер жабылады. Тас қараңғыда отырамыз. Үймен арақашықтығы тым жақын. Өрт сөндіру көлігі де өте алмайды. Терезеден ештеңе көрінбейді. Терезе тек көшеге қарап тұр", - дейді жергілікті тұрғын Әйгерім Бөлекова.

Телеарнаның мәліметінше, тұрғындар көпқабатты тұрғын үйдің жанынан сауда орталығы салынатынын тек жақында, қоршау орнатқанда білген.

Алайда құрылысқа рұқсат берген әкімдіктегілердің сөзінше, супермаркет иелері тұрғындардың жетпіс пайызы сауда желісінің салынғанын қолдайды деген құжат тапсырған.

"Жаңа ғимараттың биіктігі сегіз метр болады. Ал үймен арадағы қашықтық 12 метрді құрайды. Бұл талапқа сәйкес келіп отыр. Құжаттары да бар. Тапсырыс беруші осы нысан құрылысына қатысты тұрғындармен жиналыс өткізуі қажет. Ол жиналысты өткізіп, тұрғындардың жетпіс пайызының рұқсатын алғандығы жөнінде протоколы бар. Оны бізге тапсырды", - дейді Ақтөбе сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Жанаргүл Мақашова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036683-ort-sondiru-koligi-de-ote-almaidy-aqtobede-zurt-turgyn-uidin-zanynan-sauda-ortalygynyn-salynuyna-qarsy-syqty/

pixel