jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанадағы кей ғимараттар қаладағы жаңбыр кәрізіне заңсыз қоқыс төккен

Кәріз құбырларын тазалау жұмыстары
Кәріз құбырларын тазалау жұмыстары. Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада биыл нөсер кәрізінен 620 тоннаға жуық лай мен қоқыс шығарылған. Қоқыстар нөсер ағындары мен тазарту жұмысына қиындық тудырған, деп хабарлайды елорда әкімдігі ресми сайтында.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері қалалық желілерге рұқсатсыз қосылу мен тұрмыстық қалдықтарды шығарудың 108 фактісі анықталған.

"Elorda eco system" мекемесі жерүсті ағынды суларды: коллекторлар мен нөсер суының құймаларын, булау құбырларын тазалау, нөсер кәріз жүйелері мен тазалау құрылысын салу және тағы басқа жаңбыр суы ұңғымалары тазартылды – 3448 дана.; буланған құбырлар – 8 190 м.п.; тазартылған арық желісі – 89 215 м.п.; жуылған коллекторлар – 48 466 м.п. және тағы басқа", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, жеке тұрғын үйлердің, кеңселердің және басқа да ғимараттардың иелері тұрмыстық қалдықтарды, құрылыс қалдықтарын, гигиеналық құралдарды және басқа заттарды заңсыз төгіп, нөсер ағындары мен тазарту құрылысының жұмысына шамадан тыс жүктеме түсірген.

Анықталған заңсыз байланыстардың бәрі жойылды және жиналған материалдар толықтай тиісті шаралар қабылдау үшін табиғатты қорғау полициясына берілді.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қалалық желілердің жұмысын жақсарту мақсатында қала әкімдігі нөсер кәріз желілерін және тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыс жүргізуде. Биыл жерүсті ағынды суы үшін 2,5 шақырым магистральдық нөсерлі кәріз желілерін салу жоспарланып отыр.

Астанадағы кей ғимараттар қаладағы жаңбыр кәрізіне заңсыз қоқыс төккен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.