jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Шымкентте қала жастары экологиялық акцияға белсенді қатысты

Шымкентте өткен "Киелі табиғат" республикалық экологиялық акциясы
Шымкентте өткен "Киелі табиғат" республикалық экологиялық акциясы. Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қаласында 16 қыркүйек күні "World clean up day" - Дүниежүзілік тазалық күнінде "Киелі табиғат" бірыңғай республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік іс-шарасы өтті. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігі хабарлады.

Сайрам тұрғын алабындағы тарихи орындарға арнайы ұйымдастырылған тазалық акциясына қала жастары қолдау көрсетіп, белсенділік танытты.

Дәстүрлі экоакцияға ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма қызметкерлері, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, қала жастары және эковолонтерлер қатысты.

Шымкенттегі экологиялық акцияға қатысқандар
Шымкенттегі экологиялық акцияға қатысқандар. Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Іс-шарада қала жастары тұрғын алаптағы Сайрам қалашығы (Исфиджаб), Абдель-Азиз баб, Ибрагим-ата кесенесі, Қожа Салих кесенесі, Мірәлі баб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Қызыр мұнарасы тарихи нысандарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, киелі орындарды аралады. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев экологиялық акцияның тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.

Шымкенттегі Хызыр мұнарасы
Шымкенттегі Хызыр мұнарасы. Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

"Сайрам қалашығынан басталған экосенбіліктің мақсаты — тарихи, киелі орындарды жастарға насихаттау, оларды келешек ұрпаққа сақтап қалу. Киелі жерлер болғандықтан ұдайы тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады. Тәрбиелік мәні зор іс-шара қала жастарына, туристерге зор серпін береді", — деді басқарма басшысы.

Шымкентте өткен "Киелі табиғат" республикалық экологиялық акциясы
Шымкентте өткен "Киелі табиғат" республикалық экологиялық акциясы. Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Айта кетсек, 250-ден астам қала жастары, волонтерлер, зиялы қауым өкілдері тазалық іс-шарасына белсене үлес қосты.

Шымкенттегі экологиялық акцияға қатысқандар
Шымкенттегі экологиялық акцияға қатысқандар. Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкентте қала жастары экологиялық акцияға белсенді қатысты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.