jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Семей қаласында кезекті мәрте көпбалалы 20 отбасыға тұрғын үй кілттері табысталды

Семей қаласы әкімі Нұрбол Нұрсағатов пәтер кілтін табыстауда
Семей қаласы әкімі Нұрбол Нұрсағатов пәтер кілтін табыстауда. Фото: Абай облысы әкімдігі

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік тұрғын үй қорында "Көпбалалы отбасы" санаты бойынша кезекте тұрған 20 отбасына Ұшақтар кентінен жеке тұрғын үйлердің кілтін табыстады. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.

"Бүгін 20 отбасыға Ұшақтар кентіндегі Архат көшесіндегі үйлерден баспаналы болды. Маусым айында 37 отбасы өз қоныс тойын тойлаған болатын. Баспана иелерін – осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа үйлер берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін!"- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін Комсомол кентіндегі үйлерден тағы 32 көп балалы отбасы баспаналы болмақ.

Пәтерлердің кілті
Жаңа пәтерлердің кілті. Фото: Абай облысы әкімдігі

Сондай-ақ Семей қаласы бойынша үй кезегінде 13 000-нан астам қала тұрғындары тіркелген.

Осыған орай, Қарағайлы ықшам ауданында бюджеттік көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, биыл жыл соңына дейін 200-ге жуық әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылар тойлайды. Отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді моделі жалғасатын болады.

Семей қаласындағы жаңа пәтер
Семей қаласындағы жаңа пәтер. Фото: Абай облысы әкімдігі

Пәтер иелері қоныс тойын тойлауда
Пәтер иелері қоныс тойын тойлауда. Фото: Абай облысы әкімдігі

Семей қаласында кезекті мәрте көпбалалы 20 отбасыға тұрғын үй кілттері табысталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.