jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Астанада көпірлердің бірі бір айға ішінара жабылады

Ұлы Дала көпірі
Дроннан түсірілген фото: t.me/myastanacity

Астанада Ұлы Дала даңғылындағы көліктерге арналған көпір бір айға ішінара жабылады. Бұл туралы қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Ұлы Дала даңғылындағы көпірде деформациялық тігістің негізін жөндеу жұмыстары басталған.

Осыған байланысты 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында аталған көпір арқылы көлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабық болмақ.

Бұл ретте көпірдің бір жағы бойынша қозғалыс екі бағытта да ұйымдастырылады. Жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Ведомство елорда тұрғындарына жол бағытын алдын ала жоспарлау керектігін ескертті.

Астанада көпірлердің бірі бір айға ішінара жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.