jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Сиыр таптап өткендей": Алматыдағы ботаникалық баққа келушілер суретке түсу үшін гүлзарды таптап тастаған

тапталған жер
Ботаникалық бақтағы тапталған жер. Видеодан кадр: КТК арнасындағы видеодан алынды

Алматыдағы бас ботаникалық баққа келушілер гүлзарды таптап кеткен. Осы орайда ботаникалық бақтың басшылығы халыққа өсімдіктер әлемін аралап, тек сыртынан тамашалауды сұрап отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, қазір ботаникалық бақта гортензия гүл жаратын маусым. Баққа келушілер соның жанында алшақтан емес, жақыннан суретке түсу үшін гүлзарды таптап кеткен. Көгалданырылған жерде тұрған "Өсімдіктерді басуға болмайды" деген ескерту тақтайшаларын да елемеген.

Бұл өсімдіктер мен оны күтіп баптайтын мамандардың ашуына тиген. Себебі соншама еңбегін аямаған. Мамандардың сөзінше, тапталған көгалдың топырағы көрінуге шақ тұр. Қайта қалыпқа келтіру үшін бірнеше ай және ерекше күтім қажет.

"Мына жерді құдды бір топ сиыр келіп таптап өткендей. Көгалдарды басып тастағаннан, барлығы қурай бастады. Бақтың көрінісі мен сұлулығын құртты. Мына лента да гүлдердің көркін қашырып тұрса да, осылай уақытша қоюға мәжбүрміз. Өйткені жасыл желек қайта қалыпқа келгенше, адам аяғы баспауы керек.

Әйтпесе барлығын қопарып, ауыстыруға тура келеді. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл ботаникалық бақ өзге саябақтар сияқты емес, ерекше қорғалатын табиғи аймақ екенін түсінуі керек. Көгалды басуға, не оған жатуға, гүлдерді жұлуға болмайды", - дейді Бас ботаникалық бақтың маркетинг және PR бөлімінің директоры Баян Қоспенбетова.

Дереккөз: КТК арнасы

"Сиыр таптап өткендей": Алматыдағы ботаникалық баққа келушілер суретке түсу үшін гүлзарды таптап тастаған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.