jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Байқоңырда "Жайдарман" лигасы құрылды

Байқоңырда «жайдарман» лигасы құрылды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан Байқоңыр қаласының жастарын әлеуметтендіру, оның ішінде: жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Осы мақсатта облыс әкімі мен Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының арасында «Байқоңыр қаласының жастарын қолдау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары» бекітілген болатын.

Жоспар аясында жергілікті жастарды мәдени-көпшілік, спорттық, патриоттық шараларға тарту және республикалық, облыстық тынығу лагерлеріне Ресей Федерациясының азаматтығы бар жастарға жолдама беру секілді ауқымды шаралар қамтылды.

Байқоңырда «жайдарман» лигасы құрылды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгін жоспарға сәйкес Байқоңыр қаласының шығармашыл жастарын қолдау мақсатында қалалық «Жайдарман» лигасы құрылды. Сондай-ақ қалалық «Жайдарман фестивалі» ұйымдастырылып, үздіктер қатарынан көрінген командаларға облыстық кезеңге жолдама табысталды. Аталған лига құрамына Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай елдімекендерінің жастарынан құралған 10 команда тіркеліп отыр.

Байқоңырда "Жайдарман" лигасы құрылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.