jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің ірі қалаларында жаңбыр жауып, қатты жел тұрады деп күтіледі

Жаңбыр
Көрнекі фото: Pixabay.com

Сәрсенбі, 20 қыркүйекте Алматы мен Астанада жаңбыр жауады. Ал Шымкентте қатты жел тұруы мүмкін. Бұл труалы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Жел секундына 3-8 метрге дейін күшейіп, екпіні 13 м/с жетеді деп болжанады. Күндіз +15...+17 градус, түнде +9...+11 градус жылы болуы мүмкін.

Сәрсенбіде Астанада да жаңбыр жауып, жылдамдығы 9-14 м/с дейін жел соғады деп күтіледі. Бұл ретте елордада күндіз +17...+19 градус жылы, түнде +5...+7 градус болмақ.

Шымкентте 20 қыркүйекте күн ашық болады. Күндіз +22...+24 градус жылы болса, түнде +10...+12 градусқа дейін түседі. Дегенмен қалада бүгін екпіні 15-20 м/с дейін, жылдамдығы 8-13 м/с дейін жететін жел соғады деп болжануда.

Бүгін еліміздің ірі қалаларында жаңбыр жауып, қатты жел тұрады деп күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.