Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы ауылда жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды

Жарияланған күні:

жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Абай облысы Бесқарай ауданы Жетіжар ауылында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Онда сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін тұрғын анықталған.Науқастың ПТР тестінің нәтижесі бойынша күдік расталмады. Алайда ауылдың кіре берісіне санитарлық бекет орнатылып, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылының тұрғынының сібір жарасын жұқтыру дерегі расталмады. Алайда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жарияланды.

"Науқас ПТР тестінен өтті, қазіргі уақытта ауру расталмады. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды", - деді өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілі.

Сондай-ақ жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіп жатқаны белгілі болды.

Айта кетейік, сібір жарасы ауа тамшылары арқылы таралмайды. Жара ауру малдың еті, тері, жүні немене ластанған тағам мен ауыз суды ішіп-жеу арқылы жұғуы мүмкін.

Облыс әкімдігі аудан тұрғындарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Автор: Елжан Нұрболат

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037331-abai-oblysyndagy-auylda-zergilikti-auqymda-totense-zagdai-zariyalandy/