Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесінің танысымен қайыр сұраған": Астанада жоғалып кеткен 5 жастағы қыз табылды

Опубликовано:

қыз бала
Кішкентай қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада жоғалып кеткен 5 жасар қызды мас күйдегі әкесі танысының үйіне тастап кеткен. Бүлдіршін әкесінің танысымен бірге елордада қайыр сұраған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, бес жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз 19 қыркүйек сағат 16:55-те Қосшы қаласының полиция бөліміне түскен.

Анасының айтуынша, бүлдіршін бір сағат бұрын жоғалып кеткен. Алайда ата-анасы таба алмағасын, полицейлерден көмек сұраған.

"Дереу дабыл бойынша полиция бөлімінің жеке құрамы көтерілді. Баланың жоғалып кетуі туралы ақпарат жергілікті чаттар арқылы таратылып, іздеуге еріктілер мен қала тұрғындары қосылды. Полицейлер іздеу іс-шараларын тек Қосшы аумағында ғана емес, Астанада да жүргізді", - деп мәлім етті полиция.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің анықтауы бойынша, оқиға болған күні әкесі қызымен бірге досына барып, алкогольді бірге ішкеннен кейін үйге жалғыз оралған. Ал баланы бөтен адамның үйінде ұмытып кеткен. Ал ол ер адам да мас күйінде қызды алып, онымен бірге Астана қаласына барып, қайыр сұраумен айналысқан.

Іздеу іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері бейнекамерадан ер адамның жоғалған қызбен бірге жүру маршруттарын бақылаған. Олар автобуспен Астанаға барып, қайтып оралған. Бес сағаттық іздестіруден кейін қыз Қосшы қаласынан табылды. Қызға қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалған жоқ. Іс жүргізу кезінде полицейлер ер адамның белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам екенін анықтады. Оның айтуынша, ол баланы ата-анасына қайтаруды жоспарлаған.

Қазіргі уақытта немқұрайлы ата-аналарға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 127-бабы 1-бөлігі яғни кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бабя бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Отбасы профилактикалық бақылауға алынды. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттамалар да жасалды. Ол бейімделу орталығына орналастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037458-akesinin-tanysymen-qaiyr-suragan-astanada-zogalyp-ketken-5-zastagy-qyz-tabyldy/

pixel