jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбе қаласының бір ықшамауданын егеуқұйрық басты

Ақтөбе
Ақтөбе. Скриншот: "КТК" арнасы

Ақтөбеде жаз бойы қоқыс шығаратын компания болмай, қала әбден ластанған. Тазалық жоқтығынан қоқыс контейнерлері кеміргіштер мекеніне айналды, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Тұрғынның айтуынша, жиналған қоқыс үш күнге дейін төгілмей жатады.

"Жанжақтың бәрінен жинап әкеліп, осында қоқыс тастайды. Кетіп бара жатса да лақтырып кетеді. Төгіп кетеді. Үш күнге дейін алмайды. Содан кейін ана жаққа көшіріп жатырмыз", - деді тұрғын Нағмитулла Ибраев.

Арна мәліметінше, Ақтөбеде жаз бойы қоқыс шығаратын компания болмай, қала әбден ластанған. Қазір коммуналдық мекеме құрылып, техникалар сатып алынған. Енді шенеуніктер тышқан қаптаған ықшамауданды дереу тазартатынын айтқан.

"Батыс-2 ауданындағы жағдайдан хабардармыз. Біздің тарапымыздан контейнерді ауыстыру туралы ескерту берілді. Көшеден аулаға ауыстырылды. Әр тұрғын үй ПИК айнлаысуы керек. Тышқан пайда болған жерде ешқандай қауіп жоқ", - деді Астана ауданы әкімдігінің аппарат жетекшісі Нұржан Дүйсенбин.

Ақтөбе қаласының бір ықшамауданын егеуқұйрық басты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.