jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бүгін еліміздің екі өңірінде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде

Қолшатыр ұстаған адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер бейсенбі, 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің батыс, солтүстік аймақтарына антициклон әсер еткендіктен, бүгін аталмыш өңірлерде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ал еліміздің қалған аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Сондай-ақ республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында екпінді жел тұрып, еліміздің басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Сонымен қатар Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде түнде топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін.

Бұдан бөлек синоптиктер бүгін де Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында өрт шығу қаупі сақталатынын, ал Жамбыл облысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр.

Бүгін еліміздің екі өңірінде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.