Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек күніне орай алғаш рет тікелей эфирде телемарафон өтті

Опубликовано:

телемарафон
Фото: «Хабар» Агенттігі

Бүгін «Хабар» Агенттігі Еңбек күніне орай елімізде алғаш рет «Адал еңбек» телемарафонын ұйымдастырды.

Іс-шара мақсаты – еңбексүйгіштік идеясын насихаттап, еңбек адамына лайықты құрмет көрсету.

Адамзат эволюциясының тарихы – бұл еңбек тарихы. Ғылыми-техникалық прогрестің барлық жетістіктері, кез келген жеңіс, ел үшін немесе отбасы үшін әрбір мақтаныш – бұл әрқашан қажырлы күш-жігердің нәтижесі. Осыған байланысты телемарафонда түрлі саладағы еңбек адамдарының жүріп өткен жолдары көрсетілді.

Ауқымды телемарафон «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде 4 сағат бойы өңірлер мен шет елдерді тікелей байланысқа қоса отырып көрсетілді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Абай, Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстарынан 50-ге тарта еңбек ұжымдары мен еңбек адамдары қатысып, өздерінің кәсіби жетістіктері туралы эфирде айтып берді. Сондай-ақ Ұлыбритания мен Францияда табысты жұмыс істеп жатқан қазақстандық мамандар да қосылды. Олардың ішінде шахтер, мұнайшы, аула сыпырушы, санитар, педагог, өнеркәсіптік альпинист, зергер, блогер, кәсіпкер және тағы басқалар болды.

Қазақстандық КИНЭС рекордтар кітабында «Кәсібіне адалдық» атты жаңа парақтың пайда болуы – телемарафонның жарқын сәтіне айналды. Тікелей эфирде ең ұзақ еңбек өтілі бар теміржолшылар – Түкібаевтар әулетінің аты КИНЭС рекордтар кітабына жазылды. Еңбек кітапшаларымен расталған рекордшылар әулетінің жиынтық өтілі 616 жылдан асады.

Сонымен қатар телемарафонға атақты «Томиристың тиарасы» еңбегімен танымал зергер, Карл Фаберже орденінің иегері Ильяс Сулейменов, 82 жасқа келсе де еңбек жолын жалғастырып келе жатқан еліміздің құрметті хирургы Зинаида Раздорская, капуладағы саумал жасап әлемдік нарыққа қазақ өнімдерін танытқан фармацевт-кәсіпкер Болат Аманбаев сияқты азаматтар қатысты.

Телемарафон аясында мазмұнды сұхбаттардан бөлек, сюжеттер көрсетілді. Әртістер мен музыкалық ансамбльдер мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Тікелей эфирдегі телемарафон бірқатар республикалық және аймақтық телеарнада LIVE-стрим режимінде көрсетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037888-enbek-kunine-orai-algas-ret-tikelei-efirde-telemarafon-otti/

pixel