jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақтөбеде "Гүлдер әлемі" фестивалі өтті

"Гүлдер әлемі" гүлдер фестивалі
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай даңғылы гүлге толды, әдемі гүлдер көздің жауын алды. Ақтөбеде "Гүлдер әлемі" атты фестиваль өтті.

Оған қала кәсіпорындары, жеке кәсіпкерлер, оқу орындарының, балабақшалар мен мектептен тыс ұйымдардың ұжымдары, сондай-ақ әуесқой гүл өсірушілер қатысты.

"Гүлдер әлемі" гүлдер фестивалі
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысуға барлығы 250 өтініш түсті.

Әдемі шараға қала әкімі Азамат Бекет келіп, көрмені тамашалап, бағбандармен және гүл өсірушілермен әңгімелесті, оларды мерекенің ашылуымен құттықтады.

"Гүлдер әлемі" гүлдер фестивалі
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Бұл “Гүлдер әлемі” фестивалі ақтөбеліктер үшін дәстүрге айналды, танымдық іс-шара табиғатқа ұқыпты қарауға үйретеді, қоршаған ортаны қорғауға баулиды. Біздің сүйікті қаламызда шығармашылыққа бейім, табиғаттың әдемілігін жеткізе алатын талантты жандар бар. Біз осы гүл өсірушілерді, бағбандарды тарта отырып, қаланы абаттандырамыз", - деп атап өтті Азамат Бекет.

"Гүлдер әлемі" гүлдер фестивалі
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фестиваль қатысушылары үздік гүл композициялары үшін 12 номинация бойынша марапатталды.

"Гүлдер әлемі" гүлдер фестивалі
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін қала тұрғындары көрме-жәрмеңкеде гүл ғана емес, шай мен балдың түрлі сорттарын, көпжылдық көшеттерді де сатып алуға мүмкіндік алды.

"Гүлдер әлемі" гүлдер фестивалі
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шара жергілікті мәдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.