Астанада оқушы баспалдақтан құлап кеткен соң мектеп директоры қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Елордадағы мектепте оқушы баспалдақтан құлағаннан кейін директор жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Болған жағдайға байланысты №14 мектеп-гимназиясының директоры қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Астана полиция департаментінің ақпаратынша, 2023 жылғы 19 сәуірде аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық мектептердің бірінде оқитын оқушының баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алғаны хабарланған болатын.
Кейін Астананың қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мектептегі баспалдақтан құлаған баланың жағдайы қалай екенін мәлімдеген еді.
Сонымен қатар еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі жедел уәкіл Динара Зәкиева аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038056-astanada-oqusy-baspaldaqtan-qulap-ketken-son-mektep-direktory-qyzmetinen-bosatyldy/