Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынуы мүмкін

Опубликовано:

Энергетикалық сусын
Энергетикалық сусын. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін үкіметте өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният депутаттардың 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ажар Ғиният бүгін мәжіліс депутаттары "Халық денсаулығы туралы" заң жобасы аясында 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды қарастырып жатқанын хабарлады.

"Денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы қолдады, себебі жастар мен балалар энергетикалық сусындарды ішу арқылы денсаулығына зиян келтіруде. Бұл норма әлі талқыланып жатыр, әлі қабылданған жоқ. Бұл заң жобасы жақын арада сенатқа жолданады деп күтіп отырмыз" - деді министр.

Айт кетейік, министр Ажар Ғиният бүгінні үкіметте өткен брифингте жедел жәрдемнің Астана мектептерінің бірінде баспалдақтан құлаған балаға неге ұзақ жеткенін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038182-qazaqstanda-21-zasqa-tolmagandarga-energetikalyq-susyndardy-satuga-tyiym-salynuy-mumkin/

pixel