jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Министрлік студенттер шәкіртақысының кешігу себебін түсіндірді

Ақша санап отырған адам
Ақша санап отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттер шәкіртақысының осы айда кешігу себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл мәселе Ғылым және жоғары білім министрінің бақылауында.

"Жаңа бағдарламаға көшуге байланысты шәкіртақы төлеу мерзімі 2-3 күнге шегерілді. Кеше шамамен 5 жоғары оқу орнының студенттері шәкіртақыларын алды. Бүгін кешке дейін барлық студент шәкіртақыларын толық көлемде алатын болады. Министр бақылауда ұстап отыр. Шәкіртақы екі күнге кешікті", - деп мәлім еткен министрліктің баспасөз қызметі агентікке.

Агенттік жазуынша, 2021 жылдан бері шәкіртақы студенттің есепшотына тікелей түседі. Яғни, шәкіртақыны ЖОО емес, Ғылым және жоғары білім министрлігі жібереді.

Естеріңізе сала кетейік, бұға дейін 1 қыркүйектен бастап қазақстандық студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өсетінін хабарлаған едік.

Министрлік студенттер шәкіртақысының кешігу себебін түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.