jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Үлкен Алматы көліне баратын жол тағы жабылды

Үлкен Алматы көлі
Үлкен Алматы көлі. Фото: NUR.KZ / Виктория Колмакова

Үлкен Алматы көліне баратын жол белгісіз уақытқа тағы жабылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ ресми сайтында хабарлады.

"ҚазАвтоЖол" АҚ -ның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп пен тазалықты сақтау мақсатында Р-22 "Алматы-Космостанция" күре жолында (15-34 шақырымдары аралығы) көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Шектеу енгізілген күре жолмен қызметтік міндеттемелерін орындау үшін Ұлттық саябақ қызметінің, шекара заставасының, "Космостанция" ғылыми базасының, сондай-ақ метеорологиялық және гидрологиялық қызметтердің қызметкерлеріне (бекітілген тізімге сәйкес және тек қызметтік автокөлікпен) ғана жүріп өтуге рұқсат.

Қазақпараттың хабарлауынша, Үлкен Алматы көліне баратын жол 2020 - 2023 жылдар аралығында жабық болған. Биыл жол ашылған кезде экологтар Үлкен Алматы көліне баратын жолды қайта жауып, туристерді тек экологиялық көлікпен апаруды ұсынған.

Үлкен Алматы көліне баратын жол тағы жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.