Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Самұрық-Қазына» аутизмі бар өскемендік балаларға 20 млн теңгенің ойын алаңын сыйлады

Опубликовано:

қызметкерлер
Фото: Samruk Kazyna Trust

Бүгін, 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ қаржыландыруымен аутизмі бар балаларға арналған оңалту орталығына құны 20 млн теңге болатын балалар ойын және спорт алаңы табысталды.

Орталықтағы балабақшаға 3-7 жас аралығындағы балалар қабылданса, бастауыш мектебінде 1-4 сынып аралығындағы жеткіншектер оқуда. Мұнда қазір жалпы 135 ерекше тәрбиеленуші бар.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы Samruk-Kazyna Trust қорының қолдауының арқасында Қазақстан Республикасында әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге жағдай жасалуда.

ойын алаңы
Фото: Samruk Kazyna Trust

«Samruk-Kazyna Trust қоры Қазақстанның қайырымдылық саласындағы ірі донорларының бірі бола отырып, жергілікті жерлерде өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысуға әзір. Олар барынша көп халыққа пайдалы әрі жүйелі, орнықты болуға тиіс. Аймақтық үкіметтік емес ұйымдардан еліміздің ең шалғай жерлеріндегі адамдардың өмірін қалай жақсартуға болатыны туралы қызықты идеялар күтеміз. Шағын бастамалар бүкіл облыс, тіпті барлық ел үшін игілікті болуы мүмкін. Бүгінгі жоба өкілдерін де маңызды да ортақ іске қосқан үлестерімен құттықтаймын», - дейді Samruk-Kazyna Trust бас директоры Альфия Адиева.

Қор бұған дейін «Ғажайыптар әлемі» түзету және оңалту орталығына аутизмі бар балалар үшін заманауи еуропалық стандарттарға және әлемдік инновациялық әзірлемелерге сәйкес, екі сенсорлық интеграция залын арнайы жабдықтармен жарақтандыруды қаржыландырса, енді ойын-спорт алаңын тарту етті.

ойын алаңының ашылуы
Фото: Samruk Kazyna Trust

«Осындай заманауи, әдемі, функционалды балалар ойын алаңының ашылуы біздің оқушылар мен олардың ата-аналары үшін зор қуаныш. Сапалы ойын және спорт құралдарымен жабдықталған алаңда балаларымыздың ойнап жүргенін көру бір ғанибет! «Самұрық-Қазына» қорына Қазақстандағы аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған жалғыз арнайы мектепті жабдықтап бергеніне алғыс білдіреміз», – дейді «Ғажайыптар әлемі» түзету және оңалту орталығының жетекшісі Лилия Мамбурова.

Samruk-Kazyna Trust қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан ШҚО аумағында соңғы 7 жылда 1 млрд теңгеге жуық сомаға 14 әлеуметтік жобаны іске асырды.

қағаз
Фото: Samruk Kazyna Trust

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038619-samuryq-qazyna-autizmi-bar-oskemendik-balalarga-20-mln-tengenin-oiyn-alanyn-syilady/

pixel