jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтілуде

Күз
Күз. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер жұма, 29 қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыс антициклон жотасының әсерінен бүгін Қазақстанның батыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ал еліміздің қалған аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, күндіз Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), Қазақстанның оңтүстік жартысында найзағай күтіледі.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, күндіз шығыста және орталықта екпінді жел тұруы ықтимал.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүруі мүмкін.

Сонымен қатар бүгін Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады.

Мамандар Жамбыл және Ұлытау облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының батысында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.