jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбедегі Президент резиденциясының қонақ үйі балаларға беріледі

Президент резиденциясының қонақ үйі
Президент резиденциясының қонақ үйі. Видеодан кадр: Хабар 24

Ақтөбедегі Президент резиденциясының қонақ үйі балаларға арналған нысанға айналады. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, аумағы 500 шаршы метр болатын ғимарат 2008 жылы салынды. Оның балабақша, лагерь немесе сауықтыру орталығы болатыны әзірге нақтыланбаған.

Ал нысан орналасқан жер және резиденцияның өзі елдегі ірі компанияның меншігінде. Сол себепті қонақ үйге қарайтын учаскесін анықтау үшін әкімдік пен кәсіпорын арасында келіссөздер жүріп жатыр.

"Бүгінгі таңда акционерлік қоғам "КазХроммен" жер бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол үйге бөлек кіреберіс қарастырылуда. Бөлек тұрған үйдің 500 шаршы метр болса, оның ішінде 40 пайызы балаларға. Олар қонатын болса, онда 25 баладан аспайтын болады. Қалған бөлмелер қызметтік бөлмелер болып саналады", - деді Тимур Рыскелдин, облыс әкімдігінің іс басқармасы басшысының орынбасары.

Ақтөбедегі Президент резиденциясының қонақ үйі балаларға беріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.