jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Жалданып қой баққан": Шымкентте 48 жастағы ер адам іздестірілуде

Құжат толтырып отырған ІІМ қызметкері
ІІМ қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте 3 айдан бері хабар-ошарсыз кеткен 48 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасы.

Абай аудандық полиция бөліміне жергілікті азаматша інісінің жоғалғанын айтып арызданды. Ол маусым айында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Әпкесінің айтуынша бауыры жалданып, қой бағумен айналысқан. Ұялы телефон қолдануды білмейді. Үйіне ай сайын келіп тұрған. Осы жолы ештеңе ескертпестен шығып кетіп, 3 айдан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

"Тансыкбаев Асен - 1975 жылы туған. Бойы 165-170 см, орта денелі, шашы қысқа қоңыр түсті. Үстінде қара шалбар, қара футболка, қара түсті аяқ киім болған. Суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер бірден полицияның "102" арнасына немесе 98-07-10, 8700-097-13-13, 8775-777-23-07 нөміріне хабарласыңыздар", - делінген хабарламада.

Іздестіріліп жатқан ер адам
Іздестіріліп жатқан ер адам. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

"Жалданып қой баққан": Шымкентте 48 жастағы ер адам іздестірілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.