jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Қазақстанның мегаполистерінде ауа райы қандай болады

қолшатыр ұстаған адам
Қолшатыр ұстаған адамдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 1 қазан күні еліміздің ірі қалаларының басым бөлігінде күн ашық болады. Қазақстанның орталығында тұман, өткінші жаңбыр күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін елордада көшпелі бұлтты және өткінші жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с құрайды, түнде 1-6 м/с. Астанада күндіз сынап бағанасы +14-16 градус жылыны көрсетсе, түнде +6-8 градусқа дейін суытады. Сондай-ақ түнде тұман болады.

Алматыда бүгін күн ашық болады деген болжам бар. Күндіз ауа температурасы +20-22 градус жылы болса, түнде +8-10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с.

Шымкентте де күн ашық, күндіз ауа температурасы +21-23 градусқа жылынса, түнде +8-10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетуі мүмкін.

Бүгін Қазақстанның мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.