Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Жарияланған күні:
Синоптиктер бүгін, 2 қазанда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, антициклонның әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Бүгін тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, елдің орталығында атмосфералық фронттар әсерінен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында (жаңбыр, қар) жауын-шашын күтіледі.
Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, күндіз еліміздің орталығында екпінді жел тұрып, сондай-ақ орталықта бұршақ жаууы ықтимал.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-2 градус үсік жүруі мүмкін.
Бұдан бөлек бүгін де Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады.
Мамандар Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039024-bugin-elimizdin-basym-boliginde-zauyn-sasynsyz-aua-raiy-kutiledi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.