Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасанды интеллект қазақша сөйлеуі мүмкін

Опубликовано:

Компьютер алдында отырған роботтар
Жасанды интеллект. Көрнекі фото: pixabay.com

Google, Microsoft компаниялары әзірлеп жатқан жасанды интеллектке қазақ тілі енуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телеарна мәліметінше, жиын барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ассамблеяның 32-ші сессиясында және Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру жайы пысықталып, министр Саясат Нұрбек 7 жылға арналған тұжырымдама әзірленгенін айтты. 5 бағыттан тұратын құжатта цифрлық жүйеге басымдық берілген.

Министр Саясат Нұрбек кез келген тілдің болашағы цифрлық жүйемен байланысты екенін атап өтті.

"Біздің арнайы ғылыми-зерттеу институтымыз бар "Тіл қазына" деген. Сол институт біздің лингвистикалық корпусты пысықтап жатыр. Назарбаев университетінің бастаған үлкен жұмысы бар, сол лингвистикалық корпусты толық цифрлық форматқа көшіріп жатыр. Google, Microsoft компанияларымен біз қазір келісіп жатырмыз. Қазақ тілі солардың виртуалды көмекшілері, солардың қазіргі жасап жатқан интеллектерінің ішінде болуы керек", - дейді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039196-zasandy-intellekt-qazaqsa-soileui-mumkin/

pixel