jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Тұман, жел": бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Жол
Күз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін, 3 қазанда республика бойынша ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлеріне антициклон әсер етеді, содан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында, батысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Бүгін оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр, қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Синоптиктер бүгін Қазақстан бойынша тұман, елдің оңтүстігі мен батысында екпінді жел соғатынын болжады.

Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігінде, шығысында, Қостанайдың солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында -1...-3 градус үсік күтіледі.

Бұдан бөлек Түркістан, Орталық, Шығыс, Оңтүстік Қызылорда облыстарында өрт шығу қаупі сақталуда.

Мамандар Жамбыл, солтүстік-батыста, оңтүстікте, Маңғыстау облысының орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертті.

"Тұман, жел": бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.