jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Жайдарманшылар Таразда бас қосты

Көңілді тапқырлар ойыншыларының ойыны
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Таразда көңілді тапқырлар ойыншыларының ойыны өтті. Тараз қаласы әкімінің кубогы үшін ұйымдастырылған "Оңтүстік Номад" лигасының финалдық сайысында Қызылорда, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан, сондай-ақ жергілікті командаларды қосқанда 7 топ өнер көрсетті.

Финалдық ойын "Баласағұн" орталық концерт залында өтті.

Өткір әзілдерімен көпшілікті баураған "OIY" командасы (Тараз қаласы) бірінші орынды иеленсе, екінші орын Шымкенттен келген "Mademuazel" командасына бұйырды. Ал үшінші орынды "Қарасаз" командасы (Тараз қаласы) қанжығасына байлады.

Көңілді тапқырлар ойыншыларының ойыны
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Сонымен қатар "Сұрап алмадық" командасының мүшесі Әділжан Дәулетов (Қызылорда облысы) "Үздік ойыншы" атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шаһар басшысының атынан қала әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов арнайы құттықтап, ақшалай сыйлықтар табыстады.

Көңілді тапқырлар ойыншыларының ойыны
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Қазақы қалжың, астарлы әзілмен ұтымды ойды жеткізе білген көңілді тапқырлар сайысын қолдаған көрермен қауым риза болып, тарқасты.

Жайдарманшылар Таразда бас қосты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.